Мемлекеттiк қызметтер

Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша жауапты — Садулова Әсемгүл Зеннақызы

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң белгiленген жұмыс кестесi бойынша, дүйсенбi-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейiн.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Байланыс телефон: 3-43-40.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер мәселелерi бойынша бiрыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.


Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органдары қызметінің 2022 жылғы есебін жария талқылауды өткізу нәтижесі туралы қорытынды (DOCX 15 Kb)

2022 жылдың «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ЕСЕБІ 

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес 2022 жылы Қайранкөл ауылдық округі әкімінің аппаратымен 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ақылы негізде 1 мемлекеттік қызмет көрсету көзделген – «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», 2022 жылы бұл қызмет көрсетілмеген.

Жыл ішінде барлығы 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде қызмет көрсетілген:

  • «Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы 3 мемлекеттік қызмет;

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» — 2 қызмет, сондай-ақ «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» — 1 қызмет неғұрлым сұранысқа ие болды.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру және қол жетімділік мақсатында, ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында көрнекі ақпараттары бар стендтер орналастырылған (көрсетілетін қызметтердің және оларды көрсетуге жауапты тұлғалардың атауы, жұмыс кестесі, өтініштердің үлгілері). Осындай ақпарат ауылдық округ әкімі аппаратының сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Ауылдық округ әкімінің аппаратында электрондық мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу бұрышы жұмыс істейді, оның көмегімен ауылдық округтің тұрғындары қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы ала алады. Қолжетімділік бұрышы арқылы барлығы 487 мемлекеттік қызмет алынды, оның ішінде «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» — 315.

Электрондық қызметтерді халық арасында танымал ету бойынша іс-шараларды жүргізу мақсатында «электрондық үкімет» порталында электрондық мемлекеттік қызметтерді алуды түсіндіру бойынша полиграфиялық материалдар (буклеттер, постерлер), роликтер пайдаланылады. Аталған материалдар стендте және ауылдық округ әкімі аппаратының сайтында орналастырылған, ал полиграфиялық материалдар халыққа қосымша таратылды.

Мемлекеттік қызметтерді тиімді және сапалы көрсету мақсатында округте мемлекеттік корпорация қызметкерлерін тарта отырып, "дөңгелек үстел" және «ашық есік күні» іс-шаралары өткізілді.

Мемлекеттік қызметтерді танымал етуге бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі бейнеролик жасау болып табылады. Осылайша, 2022 жылдың мамыр айында мемлекеттік қызмет көрсететін маман бейнеролик жасап, Youtube.com бейне-хостингте жарияланды. Бұл бейнеролик тек округ тұрғындарын ғана емес, Жамбыл ауданының басқа да тұрғындарын ақпараттандырды.

Мемлекеттік қызметтер бекітілген стандарттарға сәйкес 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес көрсетіледі. Қызметтер баламалы негізде де, баламасыз негізде де көрсетіледі.

Ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына 2022 жыл ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуы тіркелген жоқ.

Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартудың тиімділігі мақсатында түсіндіру іс-шараларын («Ашық есік күні», семинарлар, дөңгелек үстелдер, БАҚ-та және интернет-ресурстарда мақалалар жариялау, онлайн конференциялар) жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде стандарттарды сақтау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. 

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат 

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету барысында шағым түскен жоқ. 

Қайранкөл ауылдық округінің әкімі С. Шалхабанов

2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы есеп (ZIP 365 Kb)

Ашық есік күні туралы хабарландыру

Құрметті Қайранкөл ауылдық округінің тұрғындары, ертең 07 ақпанында МСО ғимаратында мемлекеттік қызметтер бойынша Ашық күндер күні өтетінін назарларыңызға жеткіземіз. Аталған іс-шара шеңберінде халыққа техникалық жайттар түсіндіріледі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу кезінде жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар беріледі.

 Ақпараттық хабарлама

«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімінің аппараты» КММ пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы мемлекетке тиесілі жер телімдеріне 10 жыл уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді. 

«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ хабарламаны (хабарландыру) алғаш жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 21 қарашасынан бастап 2022 жылдың 09 желтоқсанына дейінгі аралықта жүзеге асырылады. Қорытындылау күні конкурстың аяқталу күні болып саналады. Конкурс қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі күні өткізіледі.

Конкурстың өтетін күні, уақыты және орны: 2022 жылдың 12 желтоқсанында сағат 10.00-де, Жамбыл ауданы әкімдігінің ғимаратында, СҚО, Жамбыл ауданы, Преснов ауылы, Дружба көшесі, 10, 2-қабат, мәжіліс залы.

Конкурс шарттары:

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша, өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру жөніндегі конкурсты жер комиссиясы ҚР Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізеді.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша, өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім міндетті түрде тіркеу нөмірін және өтініш берушіге хабарлама бере отырып жүзеге асырылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша, өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін-заңды тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы үлесінің мөлшерін (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) көрсете отырып, өтініш беруші – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, Өтініш берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

 2) жеке тұлғалар үшін-өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтініш беруші талап ететін жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша, өтеулі жер пайдалану (жалға) шартын жасасу жөніндегі міндеттемелер өтініш беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы шаруашылығын жүргізу үшін уақытша, өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда көрсетілген шартқа хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қою қажетті.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша, өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхат негізінде Қазақстан Республикасының жеке тұлғасының немесе мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері ұсына алады.

Конкурстық ұсыныс құрамында болуы керек:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңы, ауыл шаруашылығы жануарларының басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтардың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру жөніндегі индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер.

Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы жабық конвертте, соңғы беті: жеке тұлғалар (немесе сенім білдірілген тұлға) үшін – қатысушының қолымен және бірінші басшының (немесе сенім білдірілген тұлғаның) қолымен және заңды тұлғалар үшін – мөрмен (ол болған кезде) куәландырылатын, нөмірленген беттермен тігілген түрде басылған немесе өшірілмейтін сиямен жазылған ұсынады, бұған мыналар кірмейді оны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайлары. 

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі Конкурс» және «бұрын ашпау» деген жазу көрсетіледі: «___» _______ (нақты күні көрсетіледі). 

Талаптарға сәйкес келмейтін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбауға жатады. 

Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындылары шығарылатын болады 2022 жылдың 12 желтоқсаны.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің сайтынан алуға болады zhb.sko.gov.kz, «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ ozo-zhb.sko.kz немесе тел.: 8 (71544) 2-28-11. Мекен-жайы: СҚО, Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы, Дружба көшесі, 6.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органдары қызметінің 2021 жылғы есебін жария талқылауды өткізу нәтижесі туралы қорытынды (ZIP 31 Kb)

2021 жылдың «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша есебі (DOCX 18 Kb)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы (ZIP 33 Kb)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы (ZIP 167 Kb)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану тәртібі

Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым беру кезінде жүзеге асырылуы мүмкін. Шағым тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы көрсетіледі.

Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің Жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін есепке алу журналдарында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы"2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органдары қызметінің 2020 жылғы есебін жария талқылауды өткізу нәтижесі туралы қорытынды (ZIP 14 Kb)

  

«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтер»

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметті (жеке және (немесе) заңды тұлға)

Ақылы не тегін болуын

Мемлекеттік қызметті көрсету нысанын (электрондық (толық немесе ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде/ проактивті/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін)

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акті

1.

02201005

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

Жеке және заңды тұлғалар

Тегін

Электронды (толық автоматтандырылған)/ қағаз түрінде

2.

02201010

Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру

Жеке және заңды тұлғалар

Ақылы

Электронды (толық автоматтандырылған)/ қағаз түрінде

3.

02201011

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу

Жеке және заңды тұлғалар

Тегін

Электронды (толық автоматтандырылған)/ қағаз түрінде

4.

02201015

Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату

Жеке және заңды тұлғалар

Тегін

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде

5.

02201016

Жер учаскесін алу үшін кезекке қою

Жеке тұлғалар

Тегін

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде

 

№ п/п Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акті
1. 00201004 Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу  
2. 00201005 Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу  
3. 00201006 Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру  
4. 00201013 Азаматтық хал актілері жазбаларын жою  
5. 00401001 Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу  
6. 00401002 Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу  
7. 00402001 Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу  
8. 00704002 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау  
9. 00704004 Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау  

14.02.2020 ж.

2019 жылдың «Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Қайранкөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша есебi (ZIP 13 Kb)

«Қайранкөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметi туралы есебiн жария талқылауының хаттамасы (Қайранкөл а. 13 ақпан 2020 жылы) (ZIP 12 Kb)

«Қайранкөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметi туралы есебiн жария талқылауының хаттамасы

«Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметi туралы есебiн жария талқылауының қорытындысы 13.02.2020 ж. (ZIP 13 Kb)

Мұрағат (ZIP 42 Kb)

Мақаланы құрған күні 01.03.2018 16:30

Мақаланы жаңартқан күні 19.07.2023 12:48

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиegovruh.kz