Ауылдық округi бойынша әкiм
Самат Талғатұлы Шалхабанов 1990 жылы 21 сәуірде Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Ақоба ауылында дүниеге келген. 2011 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.М. Қозыбаева Қаржы мамандығы бойынша, 2013 жылы Көкшетау мемлекеттік университеті Ш.Уәлихановтың Құқықтану мамандығы бойынша.
Еңбек жолы 2011 жылы "Қайранкөл-Астық" ЖШС басталды, осы кәсіпорында жедел есепке алу бухгалтері болып жұмыс істеді.
2013-2019 жылдары СҚО қаржы басқармасында бас маман болып жұмыс істеді.
2021 жылғы қаңтар — 2021 жылғы шілде — "СҚО Мамлют ауданының экономика және қаржы бөлімі" КММ сектор меңгерушісі.
Үйленген, бір қызы бар. "Nur Otan" партиясы ҚБ мүшесі.
Құрылым:
- Қайранкөл ауылдық округiнiң әкiмi — Шалхабанов С.Т.
- Бас маман iс жүргiзушi, хатшы — Кдралин Д.А.
- Салық және әскери есепке алу жөнiндегi бас маман — Егубаев Т.Д.
- Ауылшарушылық және шұғыл мәселелер жөнiндегi бас маман — Садулова А.З.
- Бухгалтер — Етекбаева К.Ж.
- Хатшы — бос орын
- Аудару бойынша редактор — Шакенова А.Н.
- Мәдени ұйымдастырушысы — Мустафина Г.Н.
- Мәдени ұйымдастырушысы — Адилова А.К.
- Спорт әдiскерi — Отдан Ә.Е.
Байланыс телефоны: 34340 (факс), 34110
Жұмыс уақыты: дүйсенбi-жұма 09-18:30 жұмыс уақыты, түскi үзiлiс: 13:00-14:30 дейiн.
Азаматтарды қабылдау уақыты (жеке және заңды тұлғаларды): күн сайын 09:00-18:00
Ауылдық округ әкімінің
2023 жылғы 26 қыркүйек № 29-ө өкіміне
Қосымша
2023 жылғы 4-ші тоқсанында
«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың өкілдерін
қабылдау кестесі
Мемлекеттік органның атауы |
Азаматтарды қабылдауды жүргізген адамның Т.Ә.Ж. |
Азаматтарды қабылдауды жүргізген адамның Т.Ә.Ж., лауазымы |
Азаматтарды қабылдау күні мен уақыты |
Мемлекеттік органның орналасқан жері |
Байланыс телефоны |
«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кайранкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Шалхабанов Самат Талғатұлы |
ауылдық округ әкімі
|
04. 10. 2023 06. 10. 2023 11. 10. 2023 13. 10. 2023 18. 10. 2023 20. 10. 2023 27. 10. 2023 01. 11. 2023 03. 11. 2023 08. 11. 2023 10. 11. 2023 15. 11. 2023 17. 11. 2023 22. 11. 2023 24. 11. 2023 29. 11. 2023 01. 12. 2023 06. 12. 2023 08. 12. 2023 13. 12. 2023 15. 12. 2023 20. 12. 2023 22. 12. 2023 27. 12. 2023 29. 12. 2023
с 1000 до 1300 |
Қайранкөл ауылы Молодежная көшесі, 1 үй |
3-41-10 |
«Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округi» КММ ресми веб-сайтына қош келдiңiз! Бұл сайт объективтi ақпаратқа еркiн қол жеткiзудi қамтамасыз етедi деп үмiттенемiз, әр сұрақтарыңызға жауап таба ала аласыздар.
«Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округi» КММ жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады. Коммуналдық мемлекеттiк мекесiнде филиалдары мен өкiлдерi жоқ.
Толық аты:
Мемлекеттiк тiлде: «Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округi» КММ
Орыс тiлiнде: КГУ «Аппарат акима Кайранкольского сельского округа Жамбылского округа Северо Казахстанской области»
Заңды мекен-жайы: 150610, СҚО Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылы Мира көшесi 1 үй.
Электронды мекен-жай: kairankol@mail.ru
Әкiмшiлiкте 4 мемлекеттiк қызметкерлер, шарттық негiзiнде 7 адам.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Ұлы Даланың дәстүрлеріне негізделген қайырымдылық шараларының 2019 жылға арналған күнтізбесі
Қаңтар — «Сарқыт» | Ақпан — «Сыбаға» | Наурыз — «Шашу» | Сәуір —«Асар» |
Сарқыт — тойдан, мейрамнан қалған тағамдарды үлкен кісілердің жолын, абыройын берсін деп ырым қылып, әжелер үйдегі балалары мен келіндеріне мол дастарханнан ауыз тигізу үшін бөліп алады. Сарқыттың тәрбиелік маңызы зор — бұл адал асты ысырап етпеуге, сонымен қатар, жақыныңмен бөлісуге үйрететін жақсы ырым. | Сыбаға — құрметті қонаққа, әулеттің үлкендеріне, жақын-жуыққа сақталатын кәделі тағам. Қазақтың салты бойынша құдайы қонақтың да сыбағасы сақталған. Бұл дәстүр үлкен кісілерге, қарттарға, жетімдерге және науқастарға көңіл бөлуге, қолда барымен бөлісуге тәрбиелейді. | Шашу — қуаныштың айғағы ретінде жасалатын өте әдемі де, салтанатты дәстүр. Келін түскенде, үйлену тойында, құда келгенде, т.б. қуанышты күндерде тәтті-дәмділер, күміс теңгелер шашылады. Тойға қатысушылар шашуды осындай қуаныш бізге де жұғысты болсын деп, ырым қылып, теріп алады. Көктем мерекелері кезінде | Асар — көпшіліктің көмегін қажет ететін ауқымды да күрделі жұмыстарды ауылдастардың бірлесе жұмылып, ақысыз атқаруы. Бұл дәстүр қазақ халқының ұйымшылдығының, ауылдастардың, ағайын-туғанның бір-біріне аянбай, көмек қолын созуға даяр болуының көрінісі. Осы тамаша дәстүрді қазіргі уақытта да жандандыруға атсалысу қажет. |
Мамыр — «Қамқор» | Маусым — «Тоқымқағар» | Шілде — «Ерулік беру» | Тамыз — «Жылу» |
Қамқор — аға буын өкілдеріне, ҰОС ардагерлеріне қамқорлық жасау акциясы. «Қамқор» акциясы жастардың бойында патриотизмді нығайтуға, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет сезімін қалыптастыруға, мемлекет жүрізіп отырған бейбітшілік пен келісім саясатын қолдауға, рухани және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді. | Тоқымқағар — жас адам алғаш рет алыс сапарға шыққанда ата-анасы туысқандарға арнап кең дастархан жайып қонақ күту. Қонақтар сапарға шыққан жігіттің тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі аман-есен оралсын деген ниетпен жақсы тілектерін білдіреді. Мектеп бітірушілерге, орта білім беру мекемелері, ЖОО-лар түлектеріне тілек айту, қажет жағдайда көмек көрсету қажет | Ерулік беру — басқа жақтан жаңадан көшіп келгендердің құрметіне туған-туыстар немесе көршілер арнайы дастарқан жайып, қонаққа шақыру салты. Бұл дәстүрдің әлеуметтік әрі қоғамдық маңызы зор, себебі ерулік беру арқылы жаңа жерге көшіп келген туыстар немесе көршілер жаңа қонысқа тез үйреніп, жақсы қарым-қатынас орнатуына қолдау білдірілген. Қоныс тоймен құттықтау (жыл сайын Астана күніне орай, жас мамандарға және т.б. пәтерлер тапсырылады). | Жылу жинау — қиналғанға қол ұшын созып, материалдық және басқалай көмек көрсету. Бақытсыздыққа ұшырап, (тосын қайғылы жағдайлар, өрт, т.б. себебінен) үй-мүлкінен, малынан айырылғандарға ауыл тұрғындары, көрші-көлемі, туған-туыстары мал, дүние, ақшалай көмек көрсетіп, жылы сөзімен де қолдау білдіреді.«Мектепке жол» акциясы |
Қыркүйек — «Көрімдік» | Қазан — «Бата» | Қараша — «Бес жақсы» | Желтоқсан — «Кәде» |
Көрімдік дәстүрінің маңызы алу-беруде ғана емес, туысқандардың, жақын-жуықтың адамгершілігін, ақ ниетін танытудың белгісі ретінде қарастырылады.Қыркүйек айында атап өтілетін Білім күні, Отбасы күні, Мемлекеттік тіл күні сияқты жаңа дәстүрлерге қолдау білдіру болып табылады. | Бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдіру дәстүрі Батаны көпті көргенкемеңгер, аузы дуалы ақсақалдар береді. Қазан айында Қарттар күні, Мұғалімдер күні атап өтіледі. «Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді» деп халқымыз текке айтпаған, сондықтан жақсылық жасап, көп бата алу қажет. | Аты айтып тұрғандай, «Бес жақсы» ел ішінде асақұрметті, беделді адамдар, игі жақсылар арасындағыдостық, сыйластық қарым-қатынастарда жолы да, орны да ерекше бағалы саналғандәстүр. Бұл дәстүрер-азаматтың мырзалық, мәрттік, тектілік қасиеттерін көрсететін әрі оның ар-абыройын артты-ратын мәртебелі шара. Қараша айында біз қайы-рымгерлерімізге, меценаттарымызға алғыс айтып, ризашылық білдіреміз. | Той-думандар мен әр түрлі мерекелер, іс-шаралар барысында ерекше атсалысқандарға арнап алғыс білдіру, ризашылығын көрсету үшін кәде беру дәстүрі қалыптасқан. Желтоқсан — жылдың соңы, қорытындылау кезеңі. Тұңғыш Президент күніне, Тәуелсіздік күніне, Жаңа жылға арналған құттықтаулар ұйымдастыру қажет. |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi «Үздiк Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметкерi» конкурсын өткiзiп жатыр
2021 жылғы Бюджет
124.001.015 "Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" бағдарламасы бойынша 19 324 мың теңге сомасында.
124.006.015 "Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау" бағдарламасы бойынша 2020 мың теңге сомасында.
124.008.028 "елді мекендердің көшелерін жарықтандыру" бағдарламасы бойынша 1 471 мың теңге сомасында.
124.008.029 "оқушыларды тегін тасымалдауды ұйымдастыру" бағдарламасы бойынша 1109 мың теңге сомасында.
124.009.029 "елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша 520 мың теңге сомасында
124.011.029 "елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру" бағдарламасы бойынша 150 мың теңге сомасында
124.013.029 "аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша 700 мың теңге сомасында.
124.045.029 "аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу" бағдарламасы бойынша 11616 мың теңге сомасында.
"Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруда елді
«Қайранкөл селолық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң ережесi