Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет

14.05.2021 ж.

Өзiнен баста

Амантаев Қаиркелдi Қариұлы «Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң әкiмi.

Жыл сайынғы «Өзiңнен баста» акциясы аясында халық алдында өзiмнiң кiрiсiм және меншiк құқығымдағы мүлiктерiм туралы мәлiметтi жариялаймын.

Менiң 2020 жылғы еңбекақым 2 млн. 912 мың 303 теңге құрады.

Меншiк құқығымдағы мүлiк:

  • Пәтер, мекен-жайы СҚО Петропавл қаласы, Чайкрвского көшесi үй 15;
  • Түрғын үй, мекен-жайы: СҚО Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылы, Новая көшесi 1 үй;
  • Tayota Avensis;
  • Трактор МТЗ 80, тiркеме 4 тонн, тiркеме 9 тонн;
  • Су таратушысы ВР — 3 м., тiркеме.

«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Қайранкөл ауылдық округіi» ККМ 2020 жылдың  сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс қимыл жөнiндегi ведомстволық жоспарының орындалуы туралы

Достар, өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін құру туралы шешім қабылдады. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың басым бағыттарының бірі — сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді іске асырудың бастауы екендігін куәландырады.

Институционалдық өзгерістерге қарамастан, парасаттылық идеологиясына негізделген жұмыстың жаңа форматы біз үшін басым болып қалуда. Алайда, сыбайлас жемқорлық шенеуніктерді ұстау көңіл-күйді ешкімге көтермейтіндігін жақсы түсінсек те, жұмысымызды әлсіретуге ниетті емеспіз.

Өзімнің жаңа саладағы алғашқы постымда мемлекеттік аппараттағы келеңсіз құбылыстардың бірі — ел ішіндегі іссапарлар барысындағы қызметшілердің теріс қылықтары және отырыс, алым-салық, дастархан жаю және тарту жасау қоса жүретін тамыр жайған, төмен құрылымдарды жаппай тексерулерге назар аудартқым келеді.

Бұл проблеманың өткірлігі, әсіресе облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің көптеген шағымдарымен расталады. Және қоғамның игілігі болған мысалдар жеткілікті.

Аталған теріс тәжірибе өткеннің көзі бола отырып, адамдардың санасында терең тамыр жайған және отандық мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру мәдениетін сипаттайтын норма сияқты қабылданады. Сонымен қатар, біз стандарттарына бой түзейтін ЭЫДҰ елдерінде мұндай мәселе жоқ, ешкім ешкімді қабылдамайды, ал тексерулер қашықтықтан бақылау есебінен жүзеге асырылады.

Түсінікті болу үшін атап өткім келеді, әрбір іссапар үшін тексерушілерге логистика, тұру және тамақтану шығындарын жабатын жеткілікті қаражат бөлінеді.

Алайда, тексерушілер өңірлерге жол жүргінде, бөлінген қаражаттан тиынды да жұмсамауға айла табады. Жақсы қонақ үй нөмірі, күнделікті түскі ас және жиі мас күйіндегі төбелестер түріндегі салдарлары бар ең жақсы мейрамханаларда тұздалған қияры бар кешкі ас, қымбат сыйлықтар, монша және аң аулау — осының барлығы тексерілетін әріптестерінің жеке ақшасының есебінен.

Бақылаушылардың тәбетін біле тұра, жергілікті басшылар «деңгейде» басшылықты қарсы алу үшін бизнесмендерге көмек сұрап жүгінеді. Мұндай көмек ешқашан тегін болмайды және әрі қарай шенеунік тарапынан ерекше қамқорлыққа айналады. Мұның бәрі қалай аяқталатындығын еске салудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

Әсіресе, аумақтық мемлекеттік органдар елорда және облыстық орталықтан келген қонақтар үшін қызықты әрі ерекше демалыс ұйымдастыру арқылы осы «институтты» әдетті түрде қабылдап, тіпті қолдап отырғаны аса ренжітеді. Әдетте, бұл министрге немесе облыс әкіміне арналған оң есеп беру, сондай-ақ жұмыста өрескел бұзушылықтарды бүркемелеу үшін жасалады.

Бұл ретте осындай мінез-құлықты өз алдына ұлттық дәстүр мен шенге бас ұрушылық, басшылыққа деген көрсетілген құрмет таныту арқылы ақтауға тырысатын адамдар бар екенін таңқалдырады. 

Менің ұстаным бірегей-кәсіби және инновациялық мемлекеттік аппарат үшін бұл мүлдем қолайсыз. Бұл тәжірибе мемлекеттік қызметтің негіз қалаушы қағидаларының беделін түсіреді және құнсыздандырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қарқынын жылдамдатады.

Осыған байланысты өңірлік іссапарларға, түрлі конференциялар мен семинарларға шығатын барлық мемлекеттік қызметшілерге, құқық қорғау және сот органдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұлттық компаниялардың басшыларына айтарым: жоғарыда айтылған барлық тәжірибе жұмыстан босатудан бас бостандығынан айырудың нақты мерзіміне дейін қатаң санкциялар көзделген өрескел бұзушылық болып табылады. Сол сияқты қабылдаушы тарапқа да қатысты.

Агенттік бұл мәселені жүйелі бақылауға алды. Жекелеген өңірлерде нәтижелер бар — кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылуда. Сонымен қатар, бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында біз Үкіметке қашықтықтан мониторингке көшумен көшпелі тексерулерді оңтайландыру жөнінде ұсыныстар енгіземіз.

Бұл жұмысты сапалы жүзеге асыруда азаматтық қоғам институттары маңызды рөл атқарады. Барлық қоғам белсенділері мен немқұрайлы қарамайтын азаматтарды осындай фактілерге мұқият назар аудара отырып, бізді кез-келген ыңғайлы тәсілмен: менің поштама жазбаша түрде жүгіну alik.shpekbaev@gmail.com, әлеуметтік желілерде хабарлаумен немесе Агенттіктің 1424 колл-орталығына қоңырау шалып, хабардар етуге шақырамын.

Өз үлесіңді қос!

2018 жылы 24 желтоқсан күні Солтүстік Қазақстанда «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өз есігін айқара ашты. Миссиясы — тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру болып табылады.

Жоба үш саланы қамтиды: тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдай жасау; қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Аталған салалар бірқатар бағыттарды қарастырады. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдайлар жасау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады: білім беру; денсаулық сақтау; әлеуметтік қамсыздандыру; сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары; Мемлекеттік кіріс органдары; сот және құқық қорғау органдары; Бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі.

Жобалық кеңсе – кешенді талдау негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға бағытталған мемлекеттік органдарды «Қайта жүктейді».

Осыған байланысты, Солтүстік Қазақстан облысының бей-жай емес және жауапты азаматтарын мемлекеттік органдарды трансформациялауына қатысуға шақырамыз.

Ұсынымдарды, проблемалық мәселелерді және кеңестерді sqoalaldyk@gmail.com поштаға жіберулеріңізді немесе 8 (7152) 46-06-81, 46-58-89 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Өз үлесіңді қос!

«Өзiнен бастап»

Амантаев Қаиркелдi Қариұлы «Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң әкiмi.

Жыл сайынғы «Өзiңнен баста» акциясы аясында халық алдында өзiмнiң кiрiсiм және меншiк құқығымдағы мүлiктерiм туралы мәлiметтi жариялаймын.

Менiң 2018 жылғы еңбекақым 2 млн. 357 мың 437 теңге құрады.

Меншiк құқығымдағы мүлiк:

  • Пәтер, мекен-жайы СҚО Петропавл қаласы, Чайкрвского көшесi үй 15;
  • Түрғын үй, мекен-жайы: СҚО Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылы, Новая көшесi 1 үй;
  • ВАЗ 21099;
  • Tayota Avensis;
  • Трактор МТЗ 80, тiркеме;
  • Су таратушысы ВР — 3 м., тiркеме.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ

Мақаланы құрған күні 01.03.2018 16:42

Мақаланы жаңартқан күні 14.05.2021 16:38

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиegovruh.kz