Азаматтық бюджет — орындау (ZIP 137 Kb)
Азаматтық бюджет — жоспар (ZIP 123 Kb)
Селолық округ әкiмi басқаратын аппарат селолық округ аумағында әлеуметтiк және экономикалық дамыту бағдарламасын орындауын әзiрлейдi және қамтамасыз етедi, әкiм қызметiн ақпараттық хабарландыруларды сараптау талдауын жоспарлайды, құқықтық ұйымдастыру және материалдық техникалық қызметiн қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
Мемлекеттiк мекеме:
- аудандық әкiмiнiң аппаратымен, областық және аудандық мәслихатының депутаттарымен, жергiлiктi атқарушы органдармен, заңды тұлғалармен, азаматтармен өзара iс-қимыл жасауын жоспарлайды;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларын марапаттауға ұсынылуына қажет құжаттарды дайындайды;
- әкiмнiң аппараттың сыбайлас жемқорлықпен, қылмыспен, құқықтық тәртiптi және заңнамаларды қолдау мәселелерi бойынша құқық қорғау органдарымен өзара iс-әрекеттерiн жүзеге асырады;
- кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi жұмылдыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
- селолық округтiң аумағында Қазақстан Республикасының Конституциясын және Заңдарының, Қазақстан Республикасының қаулыларының және өкiмдерiнiң атқарушы органдарымен жоғары өкiлеттi органдарының қаулыларының, өкiмдерiнiң, сонымен қатар өз құзырының шегiнде қабылданған өз шешiмдерiнiң және өкiмдерiнiң селолық округтардың аумағында сақталуын және орындалуын қамтамасыз етедi;
- селолық округтiң тұрғындарын жергiлiктi iстерiн басқаруға тартады;
- селолық округтiң тұрғындарына, құрылысқа, малға және басқа мүлiктерге есеп жүргiзедi, тұрғындардан салықтың және басқа да түсiмдердiң бюджетке уақытында түсуге ықпал етедi;
- аппарат кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөнiндегi жұмыстарын ұйымдастырады;
- аппарат жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен, қоғамдық тәртiптi және азаматтардың құқығын қорғау жөнiндегi қоғамдық ұйымдармен өзара iс-әрекет жасайды;
- әкiм аппараты iс-қағаз, бухгалтерлiк есеп жүргiзедi, құжаттардың сақталуына жауап бередi, азаматтарға анықтамалармен және басқа құжаттарды ресiмдейдi, әкiмнiң шешiмдерiн, олардың тапсырмаларын уақытында орындаушыларға жеткiзедi, оның тапсырмасы бойынша жұмыстарды атқарады;
- аппарат заңнамаларда қарастырылған басқа да қызметтердi жүзеге асырады.
Мақаланы құрған күні 01.03.2018 16:34
Мақаланы жаңартқан күні 24.02.2022 17:37