Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 23/5 «2023-2025 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 23/5 "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы" мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының 2023-2025 жылдарға арналған Қайранкөл ауылдық округінің бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 50 546 мың теңге:
салықтық түсімдер – 4 919 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 45 546 мың теңге;
2) шығындар – 51 422,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу — 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер — 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) — - 876,1 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 876,1 теңге:
қарыздар түсімі — 0 теңге;
қарыздарды өтеу — 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары — 876,1 теңге.
мынадай мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Ауылдық округ бюджеттің шығыстары 2023 жылғы 1 қаңтарда қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары және 2022 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) облыстық және аудандық бюджеттердің нысаналы трансферттерін қайтару есебінен осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес көзделсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
шешім осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаралым саны: 118