Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы No 23/5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 23/5 «2023-2025 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 23/5 "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы" мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының 2023-2025 жылдарға арналған Қайранкөл ауылдық округінің бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 50 546 мың теңге:

салықтық түсімдер – 4 919 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 45 546 мың теңге;

2) шығындар – 51 422,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу — 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер — 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) — - 876,1 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 876,1 теңге:

қарыздар түсімі — 0 теңге;

қарыздарды өтеу — 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары — 876,1 теңге.

мынадай мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:

«7-1. Ауылдық округ бюджеттің шығыстары 2023 жылғы 1 қаңтарда қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары және 2022 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) облыстық және аудандық бюджеттердің нысаналы трансферттерін қайтару есебінен осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес көзделсін.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

шешім осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қосымша (XLS 85 Kb)

20.04.2023
Қаралым саны: 117
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиegovruh.kz