Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТI:
1. Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округiнiң бюджетiн бекiту туралы» 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 11/5 шешiмiне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 163163 болып тiркелген) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округiнiң бюджетi осы шешiмге тиiсiнше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның iшiнде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер — 60 804 мың теңге:
салықтық түсiмдер — 3 505 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер — 0 теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер — 0 теңге;
трансферттер түсiмi — 57 299 мың теңге;
2) шығындар — 61 251,6 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу — 0 теңге:
бюджеттiк кредиттер — 0 теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу — 0 теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо — 0 теңге:
қаржы активтерiн сатып алу — 0 теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер — 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицитi) — -44,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) — 447,6 мың теңге:
қарыздар түсiмi — 0 теңге;
қарыздарды өтеу — 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары — 447,6 мың теңге.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округi бюджетiнiң шығыстары 2022 жылғы 1 қаңтарда қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебiнен осы шешiмнiң 4 қосымшасына сәйкес қарастырылсын.»;
мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:
«6-2. Елдi мекендердегi көшелердi жарықтандыру»
көрсетiлген шешiмнiң 1 қосымшасы осы шешiмнiң 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы шешiмнiң 2 қосымшасына сәйкес шешiм 4 қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы шешiм 2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қаралым саны: 165