Әкімдікте мемлекеттік қызметтер бойынша семинар өткізілді

Бүгін, 16 наурызда мемлекеттік қызметтерді алу кезінде практикалық дағдылар деңгейін арттыру мақсатында Қайранкөл ауылдық округі әкімдігінің бас маманы округ тұрғындарымен электрондық үкімет порталымен жұмыс бойынша оқыту семинарын өткізді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты бас маман "Электрондық үкімет" веб-порталымен және "электрондық лицензиялау" порталымен қатар egovmobile, Telegram мобильді қосымшасы жұмыс істейтінін түсіндірді. Egovmobile қосымшасында құжаттарды түпнұсқаларды ұсынбай беру жолымен Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қағаз құжат айналымын қысқарту үшін "цифрлық құжаттар" сервисін іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Электрондық үкімет порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе бір реттік смс-парольдер (портал арқылы мобильді азаматтар базасында жеке ұялы нөмірлерді тіркеу арқылы), картридер арқылы - егер жеке куәліктің чипіне ЭЦҚ жазылған болса, мүмкін болады. Сондай-ақ, ЭЦҚ-ны электрондық үкімет порталында, EGOV mobile мобильдік қосымшасы арқылы ХҚКО-ға бармай-ақ дербес алуға болады.

Семинар барысында халық дербес деректерді толтыру бөлігінде сұрақтар қойып, келіп түскен барлық сұрақтарға түсініктемелер беріліп, мысалдармен көрнекі түрде көрсетілді.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға брошюралар мен парақшалар таратылды, сондай-ақ портал арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға көмек көрсетілді e.gov.

16.03.2023
Қаралым саны: 80
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиegovruh.kz