Айтылды

АЙТЫЛДЫ:

«Бас прокуратураға Бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлесіп, бағалық сөз байласу мен өзге де бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қатысты тергеу жүргізуді тапсырамын».

✅ ОРЫНДАЛДЫ ⤵️

🔺 Сұйытылған мұнай газын жеткізуші алты ірі көтерме сауда компаниясына қатысты тергеп-тексеру жұмыстары аяқталды;

🔺 Сұйытылған мұнай газын сатушылар үстемдік жағдайын пайдалана отырып, ең жоғары бағаны белгілеуді көздегені анықталды;

🔺 «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-не әкімшілік айыппұл салу туралы сот шешімі шығарылды (шешім күшіне енген жоқ);

🔺 «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ мен «СП Қазгермұнай» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғалды және сотқа берілді;

🔺 «Petrosun» ЖШС мен «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС-не қатысты қылмыстық іс қозғалып, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға қатысты іс материалдары Қаржылық мониторинг агенттігіне берілді;

🔺 «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС іс-әрекеттерінде сұйытылған мұнай газын сату кезінде негізсіз қысқарту фактілері анықталды;

🔺 Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізетін 193 субъектіге қатысты, оның 89-на Бас прокуратурамен бірлесіп тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр;

🔺 Нарықтағы 65 субъектінің ісінде келісілген әрекеттер және картельдік сөз байласу фактілері анықталды;

🔺 Нарықтағы 45 субъектіге қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілді. Салынған әкімшілік жазалардың жалпы сомасы – 92 миллион теңге.

Айтылды

29.03.2022
Қаралым саны: 169
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиegovruh.kz