Қайранкөл ауылдық округі әкімінің шешімі

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 58/1 «2021-2023 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 58/1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7046 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 57 166,8 мың теңге:

салықтық түсімдер – 3 405 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 53 761,8 мың теңге;

2) шығындар – 57 497,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -330,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 330,3 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 330,3 мың теңге.»;

6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«6. 2021 жылға арналған ауылдық округінің бюджетінде облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер ескерілсін:

1) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Украин ауылындағы көшелерді жарықтандыруға;

2) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылындағы көше жарығына арналған шамдарды ауыстыруға;

3) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің жалақысын көтеруге.»;

7 тармақ мынадай мазмұндағы 7), 8), 9), 10) тармақшалармен толықтырылсын:

7) бейнебақылау жүйелерін орнату бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;

8) ноутбук сатып алуға;

9) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Қайранкөл ауылында спорттық-ойын алаңын жайластыруға;

10) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылындағы демалыс орталығының ғимаратын ұстауға және қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

ТАӘ

19.10.2021
Қаралым саны: 248
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиegovruh.kz