📍 Мемлекет басшысы қаржы-экономикалық мәселелер жөнiнде кеңес өткiздi

📍 Мемлекет басшысы қаржы-экономикалық мәселелер жөнiнде кеңес өткiздi

Атап айтқанда:

📌 Бюджет шығындарын оңтайландыру, көктемгi егiс науқанына дайындық барысы, экспорт саясатын дамыту, инвестиция тарту және көлiк логистикасын жетiлдiру, сондай-ақ Халықтың табысын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерi талқыланды.

❗️ Президент әлемдегi геосаяси жағдайдың құбылмалы болуы бiздiң экономикамызға айтарлықтай әсер еткенiн атап өтiп, мемлекеттiк органдардың үйлесiмдi әрi тиiмдi жұмыс iстеуi қажет екенiн айтты.

💬 «Жағдай күн сайын өзгеруде, өте құбылмалы кезең. Сондықтан бiз барлық сын-қатер мен мүмкiндiктi нақты әрi тез анықтап, әр қадамымызды нық басуымыз керек. Қабылданатын шешiмдер барынша салмақты болғаны жөн. Бiрақ, созбалаңға салмай, шұғыл шараларды қолға алуымыз керек. Қағазбастылыққа жол бермеу қажет» — дедi Қасым-Жомарт Тоқаев.

31.03.2022
Қаралым саны: 153
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиegovruh.kz