«Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ «Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округiнде бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң қағидасын және жергiлiктi қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкiлдерiнiң сандық құрамын бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 25/6 шешiмi».
Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 5 маусымдағы № 23/3 шешiмi ««Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Қайранкөл ауылдық округiнде бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң қағидасын және жергiлiктi қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкiлдерiнiң сандық құрамын бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 25/6 шешiмiне өзгерiс енгiзу туралы».
Осы нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiзi болып қолданыстағы заңнамаға сәйкестiкке келтiру табылады, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 12 наурыздағы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне нормашығармашылықты жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңын қабылдауына байланысты Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi «Құқықтық актiлер туралы» Заңына бiрқатар өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi.
Жоғарыда көрсетiлген өзгерiстер мен толықтыруларға сәйкес үлгiлiк нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде әзiрленген және қосымша құқық нормаларын қамтымайтын нормативтiк құқықтық актiлер мемлекеттiк тiркеуге жатпайтынын айқындайтын қосымша құқықтық норма (35-1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасы) көзделген.
Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуына жол бермеу мақсатында осы актiлердi қабылдау және кейiннен әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын ұқсас мәселелер бойынша жаңа шешiмдердi бекiту қажет.
Солтүстiк Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
Қайранкөл ауылдық
округiнiң әкiмi С.Т. Шалхабанов
Қаралым саны: 230