22 ж 21 қараша №68
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106, 109-1 баптарына және 111 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, ауылдық округ әкімі ШЕШТІ:
- Аудандық және облыстық бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер, жоспарлы қаражатты қайта бөлу есебінен бюджеттің шығыс бөлігін ұлғайту және азайту есебінен 2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округінің бюджетін нақтылау аудандық мәслихат сессиясының қарауына енгізілсін.
- Бас маман Қ. Ж. Мухаметжанова Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округінің 2022 жылға арналған бюджетін аудандық мәслихат сессиясымен нақтылағаннан кейін мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламаларына өзгерістер енгізсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Қ. Ж. Мухаметжановаға жүктелсін.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
С. Шалхабанов
17.11.2022
Қаралым саны: 144
Қаралым саны: 144