🇰🇿📞 🇹🇷 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентi Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлестi

🇰🇿📞 🇹🇷 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентi Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлестi

Әңгiме басында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бiрiн-бiрi қасиеттi Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев екiжақты сауда-саттық көлемiн 5 миллиард долларға дейiн, содан кейiн келешекте 10 миллиард долларға дейiн арттырудың маңызды екенiн айтты.

Түркия көшбасшысы Қазақстан Президентiнiң мамыр айында Анкараға жоспарлаған мемлекеттiк сапары екi ел арасындағы көпжақты қатынастардың дамуына тың серпiн бередi деп үмiттенетiнiн жеткiздi.

Қазақстан көшбасшысы Режеп Тайип Ердоғанның Украинадағы жағдайды бейбiт жолмен реттеу жөнiндегi бiтiмгерлiк күш-жiгерiнiң тиiмдiлiгiн жоғары бағалады.

05.04.2022
Қаралым саны: 151
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиegovruh.kz