Қайранкөл селолық округінің аумағында 3 елді мекен орналасқан — Қайранкөл, Украинское, Новое. 01 шілдедегі жағдай Қайранкөл ауылдық округі бойынша халық саны — 1 265 адам. Оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары — 12, зейнеткерлер — 195. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар 2020 жылдың 01 шілдесіне 6 отбасы (24 адам), 2020 жылдың 01 шілдесіне біріңғай жиынтық төлегендер саны — 105 адам.
«Біз біргеміз» қайырымдылық акциясына «Агро Фирма Жамбылская» ЖШС, «Солтүстік-Жер» ЖШС және «Полушко» ЖК қатысты. Әрбір отбасы әлеуметтік азық-түлік пакетін алды.
Ұлттық санаққа дайындалуына байланысты округте көшелердің аншлагтары, үйлердің нөмірлері жаңартылды.
Бірінші жартыжылдықта округте 45 адам жұмысқа орналастырылды.
Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Қайранкөл ауылындағы көшелерді жарықтандыруға 1 256 000 теңге қаражат бөлінді. Олар Ғ. Мүсірепов көшесі және Береговая көшелері.
Сәуір айынан бастап 2020 жылға Қайранкөл ауылдық округінде, абаттандыру жұмыстары, ұйымдарда (мектеп, ЖШС, мед.пунктерде) іргелес аумақты тазалау бойынша сенбіліктер өткізілді.
Тұрғын үйлердің жанындағы қоршауларды жөндеу, ауыстыру, сырлау, ақтау жүргізілді.
Округте 01.07.2020 жылға 13 қоғамдық жұмысшылар жұмыс істейді. Қоғамдық ұйымдар орталық көшелердің аумағын тазалайды, ағаштарды, бағандарды әктейді және гүлдерді отырғызады және қураған ағаштарды кеседі.
Жол бойындағы бұталарды кесу жұмыстары жүргізілді,бұзылған ғимараттардың, құрылыс қалдықтарын жолдар мен кірме жолдарға төсеу жұмыстары жүргізілді. («Заря 2020» ЖШС техникасы жұмыс істеді). Сонымен қатар, «Атамекен-Астық» ЖШС-нің техникасымен Қайранкөл ауылындағы барлық көшелердегі жолдарға төселу жұмыстары жүргізілді.
1 мамырға дайындық барысында тұрғындармен жеке сектор аумағын тазалау жұмыстары жүргізілді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына дайындық барысында ескерткіштер мен обелискілер қаралды. Ескерткіш пен обелиск аумағын абаттандыру, сырлау және ақтау жүргізілді. Бүгінгі күні Украинское ауылындағы ескерткіштің жағдайы "жақсы" деп бағаланады, сырлау мен әқтеуге мұқтаж емес, Қайранкөл ауылында ескерткіш қалпына келтіруді қажет етеді.
Ауылдық округте Қайранкөл және Украинское ауылдарында екі ҚТҚ қоқысы бар. 2020 жылдың маусым айында қоқыстарды жинау жұмыстары жүргізілді.
Қайранкөл ауылында 14 жол белгілері орнатылды.
Мал дәрігерлік станцияның кестесіне сәйкес Жабагина Н. және учаскелік инспектор Калиев Д. Қараусыз қалған иттерді ату және ұйықтату жұмыстары жүргізілуде.
Округте тұратын оңтүстік өңірлерден келген отбасылар саны 2 отбасы (9 адам).
2020 жылдың мамыр айында оңтүстік өңірлерден 5 адамнан тұратын 1 отбасы «Еңбек» бағдарламасы бойынша салынған жаңа үйге қоныстанды.
2020 жылға Қайранкөл ауылдық округінде қоныс аударушылар үшін 5 тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған (1 — Қайранкөл, 4 — Украинское).
2020 жылдың 5 маусымынан бастап Қайранкөл жалпы білім беретін мектебінің терезелерін ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстары басталды. Республикалық бюджеттен 33 000 000 теңге бөлінді. Жергілікті тұрғындардан 4 адам жұмысқа орналастырылды. Украинское жалпы білім беретін мектепте 2 унитаз сатып алынды. 4 жылы дәретхана жұмыс істейді.
2020 жылдың 9 маусымынан бастап Қайранкөл ауылындағы бұрынғы балабақша ғимаратын мәдени-демалыс орталығы етіп қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Республикалық бюджеттен 140 000 000 теңге бөлінді. Жергілікті тұрғындардан 11 адам жұмысқа орналастырылды.
Қайранкөл ауылында зират пен подстанция аумағында өртке қарсы алдың алу жұмыстары жүргізілді. Өрттің алдын алу үшін жырту жұмыстары жалғастырылатын болады. Алдағы уақытта 3 көшенің кентішілік жолдарын ағымдағы жөндеу жоспарланған. Қаражат бөлінген кезде жоба іске асырылатын болады.
Сондай-ақ, 2020 жылдың 2 жартыжылдығында Қайранкөл ауылындағы ескерткішті қалпына келтіру жоспарлануда.
Қаралым саны: 464